locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Біз бұл мерекені күттік»: «Семей» жаттықтырушысы Чемпиондар лигасының жаңа форматына баға берді

Аслан Смаков әр матчтың турнирде мереке секілді өтіп жатқанын атап өтті
Футзал
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: МФК Семей

6 наурыз күні «Семей» Чемпиондар лигасының ширек финалында Францияның «Этуаль» командасына қарсы жауапты матч өткізеді. Турнир жаңа форматта өтуде және бұл өзгеріс қазақстандық команданың бас бапкері Аслан Смаковтың көңілінен шықты.

«Семей» бапкері үшін ең маңыздысы — енді үйде де, сыртта да матчтар көбейгені. Бұрын команда өз алаңында мүлде ойнамай қалуы мүмкін еді:

«Біз бұл мерекені көп күттік, себебі клубымыз алғаш рет осы кезеңге шықты. Биылғы Чемпиондар лигасының форматы көрсетіп отыр — барлығы жаңаша форматты күтті, енді командалар өз алаңында да, сыртта да ойнайды.

Бұл футзалдың дамуы мен танымалдылығы үшін өте маңызды. Жанкүйерлеріміз бұл кездесуді ұзақ күтті, өткен 1/8 финалдағы матчта да атмосфера тамаша болды. Сондықтан ертеңгі ойында үлкен мереке күтілуде, біз оған толық дайынбыз», — деді Смаков баспасөз конференциясында.

Еске сала кетейік, алғашқы ойында «Семей» 4:1 есебімен алға шыққанымен, матчты 4:5 есебімен ұтылып қалды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie