Биосфера – футзалдан Қазақстан Бірінші лигасының чемпионы
Футзал
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: KFA
Бүгін, 5 наурызда Семейдегі “Абай Аренада” футзалдан Қазақстан Бірінші лигасында 3-ші орын үшін матч және финалдық ойын өтті.
Кеше сол жерде жартылай финалдық кездесулер өткен болатын. Нәтижесінде финалға екі қарағандылық команда шықты - “ТЧЭ-14” және “Биосфера”.
“Алатау” мен “Омега” 3-ші орынға таласты. Тартысты ойын 2:3 есебімен аяқталды. Осылайша, “Омега” өткен жылғы нәтижені қайталап, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.
Финалдық дербиде бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталды. Ал екінші таймда былтырғы финалист “Биосфера” 3 гол соғып, “ТЧЭ-14” командасын сенімді түрде жеңді.
Бірінші лига. Финал. 4 наурыз
Биосфера - TCHE-14 - 4:1
3-ші орын үшін матч
Алатау - Омега - 2:3