Футзалдан Қазақстан Бірінші лигасының финалистері белгілі болды
Футзал
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ФК Биосфера
Бүгін, 4 наурызда Семейдегі “Абай Аренада” футзалдан Қазақстан Бірінші лигасының жартылай финалдық ойындары өтті.
“Төрттік финалдың” алғашқы ойынында ТЧЭ-14 “Алатауды” 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал “Биосфера” мен “Омега” арасындағы жекпе-жек өте тартысты болды. Бірінші таймда қарағандылықтар 4:2 есебімен қолайлы нәтижеге қол жеткізді. Бірақ тараздық команда таразы басын теңестіре алды . Есеп матчтың соңына дейін тең болды – ысқырыққа небәрі 3 минут қалғанда “Биосфера” алға шығып, бірден 2 гол соқты. Ойын 6:4 есебімен аяқталды.
Финалда бізді дерби күтіп тұр – екі қарағандылық команда Қазақстан чемпионатына қатысу үшін таласады.
Бірінші лига. Жартылай финалдар. 4 наурыз
Алатау – ТЧЭ-14 – 2:6
Биосфера - Омега - 6:4