locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан футзал құрамасы Вьетнаммен екінші жолдастық кездесуде жеңіске жете алмады

Футзал
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстан футзал құрамасы Вьетнаммен екінші жолдастық кездесуде жеңіске жете алмады
ФОТО: КФФ

Вьетнамның Хошимин қаласында Қазақстан мен Вьетнам футзал құрамалары арасындағы екінші жолдастық кездесу өтті. Қарсыластар 2:2 есебімен тең түсті.

Бірінші таймда қазақстандықтар ойын тізгінін өз қолына алып, қарсылас қақпасына екі жауапсыз гол соқты. Бұл голдардың авторлары - Ерсұлтан Сағындыков пен Нұрсұлтан Пиялы. Алайда үзілістен кейін алаң иелері ойынның бағытын өзгертіп, екі гол соғып есепті теңестірді.

Айта кетейік, осы жолдастық кездесулер сериясындағы алғашқы матчта Вьетнам сенсациялық түрде Қазақстанды 4:1 есебімен жеңіп, жанкүйерлер мен мамандарды таңғалдырған еді.

Футзал бойынша Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) соңғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемде 7-орында тұр. Ал Вьетнам болса, 31-сатыда орналасқан. Екі команда арасындағы айтарлықтай деңгей айырмашылығына қарамастан, матч нәтижелері футзал жанкүйерлері үшін күтпеген жаңалық болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie