Қазақстан чемпионатының футзал клубы жойылуы мүмкін
Футзалдық «Жетісу» таралыуы мүмкін
Футзал
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: МФК Жетісу
Жетісу облысының атынан шыққан «Жетісу» футзал клубы таратылуы мүмкін, деп хабарлайды b1rinshibol.
Журналист Серік Қантаевтың айтуынша, облыс әкімдігі клубты қаржыландыруды тоқтатуды жоспарлап отыр. Өткен маусымда клуб ағаш еденді «Жастар» және «Жастар-2» алаңдарында жаттығу жұмыстарын жүргізе алмай, облыс орталығындағы бетон төселген аренада жаттығуға мәжбүр болғаны хабарланды.
Сондай-ақ команданың негізгі ойыншыларының жарақат алуы басты себептердің бірі болды.
«Жетісу» Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің 1/4 финалында «Қайратқа» қарсы алғашқы ойында жеңіске жеткенімен, үш матчтық серияда жеңіліп қалды.