Қазақстан құрамасы Арменияға жол беріп, Еуро-2026-ға қосымша матчтар арқылы жолдама алуға тырысады
Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Армениямен кездесу өткізді.
Ойынның бірінші жартысы алаң иелерінің белсенді шабуылдарымен басталып, Никита Хромых дубль авторы атанды. Алайда, тайм соңында Даурен Турсагұлов қарсыластар қақпасына гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Үзілістен кейін Хромых хет-трик жасап, есепті еселей түсті. Одан кейін Армения қақпашысы Альберт Ағаджанов алдымен допты бос қақпаға енгізсе, кейіннен өз қақпасына гол соғып алды. Кездесу 4:2 есебімен Арменияның пайдасына аяқталды.
Еуропа чемпионаты. Іріктеу кезеңі
Армения – Қазақстан – 4:2
Голдар: 1:0 – Хромых (7), 2:0 – Хромых (14), 2:1 – Тұрсагұлов (16), 3:1 – Хромых (24), 4:1 – Ағаджанов (28), 4:2 – Ағаджанов (автогол).
Осылайша, Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне тікелей жолдама ала алмады. Енді ұлттық құрама өз мүмкіндігін плей-офф кезеңінде сынайды. Қосымша матчтарға өз топтарында екінші орын алған үздік сегіз команда қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз: КАКА: "Еуро-2026 жолдамасын плей-офф арқылы алғымыз келмейді"