locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ред Буллға алғашқы соққы. Норрис пен Пиастри іріктеу кезеңінде Ферстаппеннің алдын орап кетті

Формула-1 15 нау 2025 04:06
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ред Буллға алғашқы соққы. Норрис пен Пиастри іріктеу кезеңінде Ферстаппеннің алдын орап кетті
ФОТО: Getty images

Формула-1 – 2025 маусымы Аустралия Гран-приімен басталды. “Альберт-Парк” трассасында өткен іріктеуде күтпеген нәтиже тіркелді. “Макларен” шабандозы Ландо Норрис үздік уақыт көрсетіп, поул-позицияны жеңіп алды.

Британдық шабандоз 1:15.096 уақытын тіркеп, маусымның алғашқы іріктеуінде үздік болды. Ал Оскар Пиастри өз әріптесінен небәрі 0.084 секундқа қалып қойып, екінші орынды иеленді. Аустралиялық шабандоз өз жанкүйерлерінің алдында тамаша нәтиже көрсетіп, “Макларенге” старттық алдыңғы қатарды толықтай алып берді.

Үздік үштікті “Ред Булл” өкілі, төрт дүркін әлем чемпионы Макс Ферстаппен түйіндеді. Ол Норриске 0.385 секунд ұтылып, бірінші орынға таласа алмады.

Аустралия Гран-приіне іріктеудің нәтижелері:
1. Ландо Норрис (“Макларен”) — 1:15.096
2. Оскар Пиастри (“Макларен”) +0.084
3. Макс Ферстаппен (“Ред Булл”) +0.385
4. Джордж Расселл (“Мерседес”) +0.450
5. Юки Цунода (“Рейсинг Буллз”) +0.574

Бұл маусымда “Феррари” сапына ауысқан жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон жаңа командасындағы алғашқы іріктеуінде жоғары нәтиже көрсете алмады. Британдық шабандоз тек сегізінші орынға тұрақтады.

Аустралия Гран-приінің негізгі жарысы 16 наурыз, жексенбі күні өтеді. Астана уақытымен 09:00-де басталады.

Тағы да оқыңыздар: Формула 1-дің басты бай командасы анықалды. 2024 жылғы жүлде қорын бөлу қорытындылары

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie