locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Формула 1-дің басты бай командасы анықалды. 2024 жылғы жүлде қорын бөлу қорытындылары

Формула-1
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Формула 1-дің басты бай командасы анықалды. 2024 жылғы жүлде қорын бөлу қорытындылары
ФОТО: Ландо Норрис, Макларен

The Race басылымы Формула-1 командаларының өткен маусымда қанша табыс тапқанын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, жүлде қоры тек Конструкторлар Кубогындағы нәтижелерге ғана емес, сонымен қатар арнайы қосымша сыйақы жүйесіне де байланысты екені белгілі болды.

Формула-1-дегі жүлде қоры қалай бөлінеді?

Формула-1 қаржылық жүйесі үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады:
• Маусымдық жүлде қоры – Конструкторлар Кубогындағы орынға байланысты төленеді.
• Табыстылық сыйақысы– соңғы 10 жылдағы нәтижелерге қарай беріледі.
• Тарихи сыйақы– “Феррари” командасына беріледі, өйткені ол Формула-1-дің ең ескі командасы. Бұл сома жалпы жүлде қорының 5%-ын құрайды.

Күтпеген жерден “Макларен” өткен маусымда Конструкторлар Кубогын жеңгеніне қарамастан, жалпы табыс бойынша тек үшінші орынға тұрақтады. Себебі жүлде қоры жүйесі “Ферраридің” пайдасына жұмыс істейді.

ТОП-5 команда (жалпы табыс бойынша):

1. “Феррари” – $255,2 млн
2. “Мерседес” – $200,1 млн
3. “Ред Булл” – $187,6 млн
4. “Макларен” – $149,8 млн
5. “Астон Мартин” – $98,8 млн

Конструкторлар Кубогын жеңу – басты мақсат болғанымен, қаржылық көрсеткіштерге қарасақ, “Феррари” жыл сайын тұрақты түрде үлкен табысқа кенеледі, тіпті чемпион болмаса да. “Макларен” мен “Ред Булл” да табысты командалар қатарында.

Тағы да оқыңыздар: Макс Ферстаппен Перестің мансабын құртты ма? Чеконың бұрынғы инженері оның құлдырауының себебін түсіндірді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie