Оскар Пиастри тағы да топ жарды: аустралиялық Сауд Арабиясының Гран-приін жеңіп алды


Формула-1 маусымының бесінші кезеңі McLaren командасының шабандозы Оскар Пиастри үшін табысты аяқталды. Аустралиялық шабандоз Джидда қаласындағы қалалық Jeddah Street Circuit трассасында 50 айналымды 1 сағат 21 минут 06,758 секундта еңсеріп, биылғы маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Екінші орынды әлемнің қазіргі чемпионы, Red Bull командасының өкілі Макс Ферстаппен иеленді. Ол Пиастриден 2,843 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті Ferrari сапындағы Шарль Леклер түйіндеді , ол жеңімпаздан 8,104 секундқа артта қалды.
Бұл жеңіс Пиастриге жалпы есептегі көшбасшылығын нығайтуға мүмкіндік берді. Қазір оның еншісінде 99 ұпай бар. Екінші орында - оның командаласы Ландо Норрис (89 ұпай), ал үшінші сатыда Ферстаппен (87 ұпай) орналасқан.
13 сәуір күні Пиастри Бахрейн Гран-приінде де топ жарған болатын.