locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Макспен әр демалыс сайын жарысып келеміз». Ландо Норрис Формула-1-дегі чемпиондық тартыс туралы пікір білдірді

Формула-1
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Макспен әр демалыс сайын жарысып келеміз». Ландо Норрис Формула-1-дегі чемпиондық тартыс туралы пікір білдірді
ФОТО: Getty images

McLaren командасының шабандозы Ландо Норрис Формула-1 әлем чемпионатының қазіргі жағдайына баға беріп, Red Bull Racing өкілі Макс Ферстаппеннің маусымды жеңіспен аяқтау мүмкіндігі жайында ой бөлісті.

«Математикалық тұрғыдан алғанда, кез келген жүргізуші чемпион бола алады. Сондықтан бұл атаққа тек мен мен Оскар таласып жатыр деу - ақымақтық. Макс әлі де бәсекеде. Оның алдағы уақытта үлкен мүмкіндіктері болады. Біз Макспен әр демалыс сайын жарысып келеміз. Ол бірнеше мәрте подиумға көтерілді, жарыстарда жеңіске жетті. Имолада да бізді таза жылдамдықпен басып озды. Сондықтан, біреулер неге тек мен немесе Оскар чемпион болады деп ойлайтынын түсінбеймін. Меніңше, маусым барысында Ferrari де қарқынын күшейтеді.», - деді Норрис RacingNews365 басылымына берген сұқбатында.

Монако Гран-приінен кейін жалпы есептегі жағдай келесідей: көш басында - McLaren сапындағы Оскар Пиастри. Одан небәрі үш ұпайға кейін қалып тұрған - командаласы Ландо Норрис. Ал үздік үштікті Red Bull Racing шабандозы Макс Ферстаппен түйіндеп тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie