locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФОТО. Джорджина Родригес автожарыс чемпионымен жүздесті

Формула-1
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО. Джорджина Родригес автожарыс чемпионымен жүздесті
ФОТО: IG Джорджина

Португалия құрамасы мен “Әл-Наср” клубының атақты футболшысының қалыңдығы Джорджина Родригес Формула Е жарыстары аясында ерекше қонақ болды. 31 жастағы модель жарыс басталар алдында Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы пит-стоп аймағына кіруге арнайы шақырту алды. Сол жерде ол Porsche өкілі Антониу Феликс да Коштамен спорт пен автоинженерияның байланысы туралы әсер алмасып, кейін жарыстың мәрелік сәтіне белсенді түрде қатысты.

Бірінші болып мәреге немістің DS Penske командасынан Porsche көлігін тізгіндеген Максимилиан Гюнтер жетті – оның уақыты 43 минут 35 секунд 339 миллисекундты құрады. Екінші орынды небәрі бір секунд айырмашылықпен (43:36.203) Nissan e.Dams көлігімен британдық Оливер Роуленд иеленді. Үшінші орынға Neom McLaren өкілі Тейлор Барнард табан тіреді – оның нәтижесі 43 минут 36 секунд 492 миллисекунд.

Антониу Феликс да Кошта – Формула Е-нің 2019/20 маусымындағы чемпионы, DS Techeetah командасының бұрынғы пилоты. Ол BMW үшін DTM жарыстарында жеңіске жеткен, сондай-ақ Red Bull-дың жастар серияларында – Формула Renault, GP3 және Формула 3 кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсеткен. Бұған қоса, Ле-Ман сияқты төзімділік жарыстарына қатысып, 2022 жылдан бері Porsche Formula E Team командасының намысын қорғап келеді.

Германия соты Михаэль Шумахердің отбасын бопсалаған айыпталушыларға үкім шығарды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie