Германия соты Михаэль Шумахердің отбасын бопсалаған айыпталушыларға үкім шығарды
Daily Mail басылымы хабарлауынша, неміс сотының әйгілі автожүргізуші Михаэль Шумахердің отбасын бопсалау ісіне қатысы бар айыпталушыларға қатысты шешім шығарғанын хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, шабандоздың бұрынғы жеке күзетші Маркус Фриче (53 жаста), түнгі клубтың күзетшісі Йылмаз Тозтуркан және оның ұлы, ІТ-маманы Дэниэл Линс Шумахердің компьютерінен құпия ақпаратты ұрлаған.
Сот барысында Шумахердің экс-күзетшісі бес жылдан астам уақыт бойы оның жеке материалдарын жасырын жинағаны анықталды. Компьютерден 1500-ден астам сурет, бейнематериал және медициналық құпия жазбалар жүктеліп, оларды алдымен Фриче иемденген, кейін Тозтурканға өткізген. Өз кезегінде Тозтуркан бұл мәліметтерді “қара нарыққа жариялаймын” деп қорқытып, Шумахердің отбасынан 15 миллион еуро талап еткен.
Бұл құпия ақпараттар қатты дискілерде, USB-жинақтағыштарда және мобильді құрылғыларда сақталған. Айыпталушылардың бірі қаржылық қарыздары салдарынан осындай қадамға барғанын мойындады.
Бұл істегі басты айыпталушы – Йылмаз Тозтуркан, ол Шумахердің жанұясымен мәміле жасауға тырысқан. Сот оны бопсалау бойынша кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Ал Маркус Фриче екі жыл шартты жазаға кесілсе, Тозтурканның ұлы Дэниэл Линс алты айға шартты түрде сотталды.
Айта кетейік, жуырда Михаэль Шумахердің аңызға айналған болиді Нью-Йорктегі аукционға қойылды.