locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ферстаппен Италияда қарсыластарын күйретті: Норрис пен Пиастри тек артта қалды

Ферстаппен Италияда іріктеуді жеңіп алды, Норрис пен Пиастри ізін басты
Формула-1
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ферстаппен Италияда қарсыластарын күйретті: Норрис пен Пиастри тек артта қалды
ФОТО: Getty images

Red Bull командасының шабандозы Макс Ферстаппен Италия Гран-приіндегі іріктеу сессиясында тағы да өз мықтылығын дәлелдеп, поул-позицияны жеңіп алды. Екінші орынға McLaren өкілі Ландо Норрис тұрақтаса, үздік үштікті оның командаласы, маусым көшбасшысы Оскар Пиастри түйіндеді.

Жеті дүркін әлем чемпионы, Ferrari тізгіндеген Льюис Хэмилтон бұл жолы жанкүйерлерін қуанта алмады – небәрі бесінші нәтиже көрсетті.

Іріктеудің екінші сегменті бірқатар белгілі есімдер үшін мәреге айналды. Haas шабандозы Оливер Берман он бірінші орынға табан тіреп, шешуші кезеңге өте алмады. Одан кейінгі қатарда Kick-Sauber сапындағы Нико Хюлькенберг пен Williams құрамындағы Карлос Сайнс орналасты. Оның әріптесі Алекс Албон да финалға өте алмай, он төртінші болды. Ал үздік он бестікке Haas өкілі Эстебан Окон ілікті.

Алғашқы сегменттен кейін жарысты бірқатар жас шабандоздар аяқтады. Racing Bulls командасынан Исак Хаджар мен Лиам Лоусон жарысты ерте доғарса, Alpine жұбы Франко Колапинто мен Пьер Гасли де алдыңғы қатарға шыға алмады. Aston Martin намысын қорғаған Лэнс Стролл он жетінші орынмен шектелді.

Италия Гран-приінің негізгі жарысы жексенбі, 7 қыркүйек күні өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie