locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Италия Гран-приі: 2025 жылғы Формула-1 маусымының 16-кезеңінің кестесі

Атақты «патшалық» класс кезекті жарысын Италияда өткізеді
Формула-1
Серик Амирбек
Серик Амирбек
Редактор
Италия Гран-приі: 2025 жылғы Формула-1 маусымының 16-кезеңінің кестесі
ФОТО: Getty Images

5 қыркүйек, жұма күні 2025 жылғы Формула-1 маусымының 16-кезеңі басталады. Командалар Италия Гран-приі аясында әйгілі «Монца» автодромында жарыс уик-энді өткізеді.

5 қыркүйекте Астана уақытымен 16:30-да пилоттар үшін алғашқы еркін жаттығу басталады. Сол күні сағат 20:00-де екінші жаттығу сессиясы өтеді.

6 қыркүйек, сенбіде, 15:30-да соңғы еркін жаттығу басталады. Ал 19:00-де басталатын квалификацияда спортшылардың старттық тордағы орындары анықталады.

Жарыстың өзі жексенбі, 7 қыркүйекте өтеді. Басталуы – 18:00.

Жалпы есепте көшбасшы орнында McLaren командасының пилоты Ландо Норрис тұр, оның еншісінде 309 ұпай бар. Одан кейін оның командаласы Ландо Норрис – 275 балл жинаған. Үздік үштікті Red Bull-дың өкілі Макс Ферстаппен (205 ұпай) түйіндейді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie