Аңыздың аңыздары. Хэмилтон өзінің сүйікті спортшыларын атады
«Феррари» командасының қазіргі шбандозы, әлемнің жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон спорттағы жолына әсер еткен тұлғалар туралы айтып берді. Атақты британдық шабыт көзі ретінде Майкл Джордан мен Мұхаммед Али есімдерін ерекше атады.
«Али мен Джордан - мен бой түзеген адамдар. Джорданның еңбекқорлығы мен іске деген көзқарасы мені қатты таңғалдырды. Ал Мұхаммед Али - өз-өзіне сенімділік пен рухтың символы. Мен биікке жеткім келсе, дәл осы қасиеттерді өзімде дамытуым керек екенін түсіндім», - деді Хэмилтон «Феррари» командасының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Льюис Хэмилтон «Скудерия» сапында екі жарысқа қатысып үлгерді. Оның «Феррариге» ауысуы маусымның басты оқиғаларының бірі атанды. Тәжірибелі спортшы тек жарыс жолында ғана емес, одан тыс жерде де үнемі назарда. Жуырда оның болиді Қытай Гран-приінің хаттамасынан техникалық себепке байланысты алып тасталынды.
БАҚ-та Хэмилтонның жеке өмірі де жиі сөз болады. Кей мәліметтерге сәйкес, ол өзінен 12 жас үлкен актрисамен қарым-қатынасын үзген.