locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Льюис Хэмилтон өзінен 12 жас үлкен актрисамен қарым-қатынасын үзді

Формула-1 31 нау 2025 02:37
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com

София Вергара мен Льюис Хэмилтонның қарым-қатынасы аяқталды, деп хабарлайды Daily Mail.

52 жастағы актриса мен одан 12 жас кіші «Формула-1» жарысушысының қарым-қатынасы ұзаққа созылмады.

Оларды алғаш рет қаңтар айында бірге байқаған, сол кезде TMZ Нью-Йорктегі мейрамханадан бірге шыққан София мен Льюистің күліп, әңгімелесіп тұрған сәтін жариялаған еді. Инсайдерлер олардың арасында бірден сезім пайда болғанын айтқан.

БАҚ мәліметінше, Вергара бұл қарым-қатынасты байсалды түрде қабылдап, Хэмилтонды «мінсіз ер адам» деп санаған. Алайда экс-чемпионның оған деген қызығушылығы суып, актриса өзін жалғыз қалғандай сезінген.

Бұл Софияның соңғы уақытта басынан өткерген екінші айырылысуы. 2023 жылдың қазанында ол актер Джо Манганьелломен жеті жылдық некесін аяқтаған болатын. Кейіннен біраз уақыт доктор Джастин Салиманмен кездескен.

Ал Хэмилтон танымал арулармен болған қарым-қатынастарымен белгілі. Оның бұрынғы сүйіктілерінің қатарында әнші Николь Шерзингер, модель Джиджи Хадид, сондай-ақ Рианна мен Шакира бар.

ФОТО: BrosNYC
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie