Жюль Кунде Барселонада 2030 жылға дейін қалады: клуб қорғаушымен келісімшартты ұзартты
Каталондық "Барселона" француз қорғаушысы Жюль Кундемен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келді. Diario Sport ақпаратына сәйкес, 26 жастағы ойыншының жаңа келісімі 2030 жылға дейін жарамды болады. Жаңартылған шарттарға сәйкес, Кунде жалақысының өсуіне ие болады.
Бұған дейін футболшының клубпен жасасқан келісімі 2027 жылдың жазына дейін есептелген болатын. Кунде 2022 жылы "Севильядан" "Барселонаға" 50 миллион еуроға ауысып, команданың қорғаныс шебінде маңызды ойыншыға айналды.
2024/2025 маусымында француз қорғаушысы 43 матч өткізіп, 3 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Transfermarkt деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта оның нарықтық құны 60 миллион еуроны құрайды.
Сондай-ақ оқыңыз: Реал Мадрид скауттарына орындалмас тапсырма жүктелді