locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жүрек тебіренткен сәт: Нұралы Әліп голын қаза болған жас футболшыға арнады

Нұралы Әліп марқұм Диас Төлеуге арнап гол соқты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Жүрек тебіренткен сәт: Нұралы Әліп голын қаза болған жас футболшыға арнады
ФОТО: Зенит ФК

«Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп «Сочи» командасының қақпасына соғылған голдан кейін (3:0) не себепті қуанышын аса білдірмегенін түсіндірді. Футболшы бұл голын «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі, жақында қайтыс болған жас спортшы Диас Төлеуге арнағанын айтты.

Жас ойыншы матч кезінде өзін жайсыз сезініп, біраз уақыттан соң дәрігерлердің барлық көмегіне қарамастан ауруханада көз жұмған еді. Осы оқиғаға байланысты Нұралы есте қалдыру белгісін жасап, голдан кейін эмоциясын тежеді.

«Бұл ишара – академия тәрбиеленушісіне арналған. «Қайратта» жас жігіт болған. Бүгін мен гол соқтым, қуанышымды көрсетпей, сол балаға арнадым», - деді Әліп сұқбатында.

Айта кетейік, Нұралы Әліп «Зенит» сапында 102 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie