ВИДЕО. Нұралы Әліп осы маусымдағы алғашқы голын соқты
Zenit сапындағы қазақстандық легионер шеберлігін көрсетті
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ВИДЕО. Нұралы Әліп осы маусымдағы алғашқы голын соқты
Жексенбі, 19 қазан күні Ресей Премьер-лигасы аясында «Сочи» мен «Зенит» командалары кездесуде.
Ойынның небәрі 12-минутында петерборлық ұжым сапынан қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп мергендігімен көзге түсті.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы командасының шабуылы кезінде қырағылық танытып, допты қақпаға дарытты.
Нәтижесінде, бұл гол «Зенитке» сырт алаңда есеп ашып, «Сочи» командасынан 0:1 есебімен алға шығуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, бұл – Нұралы Әліптің петерборлық клуб сапындағы осы маусымдағы алғашқы голы.