Жоғалту. «Бавария» көшбасшысы көзіне ота жасатты
Майкл Олисеның «Хайденхаймге» қарсы ойыны күмәнді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Майкл Олисеның «Бавария» мен «Хайденхайм» арасындағы алдағы ойынына қатысуы күмән тудырады.
Bild мәліметінше, «Баварияның» вингеріне көзге шағын ота жасау қажет болды. Отадан кейін ойыншы жүгіру жаттығуларын қайта бастағанымен, оның алдағы матчта алаңға шықпауы да мүмкін.
Франциялық вингер бұл маусымда мюнхендік клуб сапында 24 матч өткізіп, 9 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.
Франция құрамасының вингері қараша айының Бундеслигадағы үздік ойыншысы деп танылған болатын.
Айта кетейік, Бундеслиганың 15-турындағы келесі матч — «Хайденхайм» мен «Бавария» кездесуі 21 желтоқсан күні, Астана уақытымен 21:30-да өтеді.