locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бундеслига қараша айының үздік ойыншысын атады

«Бавария» вингері Майкл Олисінің жетістіктері назардан тыс қалмады
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Бундеслига қараша айының үздік ойыншысын атады
ФОТО: Getty Images

Бундеслига ай қорытындысын шығарып, қарашаның ең үздік ойыншысын анықтады. Бұл марапаттың «Бавария» ойыншысы Майкл Олисеға бұйырғаны таңғаларлық емес.

Өткен айда француз футболшысы Бундеслигада төрт матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Осылайша, Мюнхен клубының негізгі ойыншыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Айта кетерлігі, оның барлық нәтижелі әрекеттері «Фрайбургке» қарсы ойында тіркелді.

Биылғы маусымда Олисе өз ойынымен таң қалдыруда: барлық жарыстарда 23 матч өткізіп, 9 гол соқты және 14 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, Олисінің «Баварияға» 2024 жылдың жазында «Кристал Пэлас» клубынан ауысқанын атап өткен жөн. Содан бері ол Мюнхен командасында 79 матч өткізіп, 29 гол соғып, 37 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін біз «Баварияның» маңызды ойыншымен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie