Жеті турдан кейінгі ҚПЛ сұрмергендері мен ассистенттері
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: ФК ҚАЙРАТ
Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аяқталғаннан кейін "гол+пас" жүйесі бойынша үздік ойыншылар белгілі болды. Бірден екі футболшы тоғыздан астам нәтижелі әрекетке қол жеткізді.
Бомбардирлер:
- Алты гол — Томасов («Астана»), Сатпаев («Қайрат»)
- Төрт гол — Жоржиньо, Зария (екеуі де — «Қайрат»), Жақсылықов («Қайсар»), Д.Жұмат («Оқжетпес»)
- Үш гол — Плакка, Мулич (екеуі де — «Елімай»), Джеффри, Грипши (екеуі де — «Астана»), Сапанов («Атырау»), Сигневич («Тобыл»), Зорич («Қызылжар»)
Үздік ассистенттер:
- Алты нәтижелі пас — Жоржиньо («Қайрат»)
- Бес пас — Камара («Астана»)
- Үш пас — Томасов («Астана»), Совпель («Туран»), Чирков («Атырау»)
"Гол+пас" жүйесі бойынша үздіктер:
- 10 ұпай — Жоржиньо («Қайрат», 4 гол + 6 пас)
- 9 ұпай — Томасов («Астана», 6 гол + 3 пас)
- 8 ұпай — Сатпаев («Қайрат», 6 гол + 2 пас)
- 7 ұпай — Камара («Астана», 2 гол + 5 пас)
Одан кейінгі орындарда Зария, Жақсылықов, Д.Жұмат және тағы басқа ойыншылар орналасқан.