locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жастар арасындағы Еуропа чемпионы – Нидерланд құрамасы

U-19 финалында испандықтардан басым түсті
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Жастар арасындағы Еуропа чемпионы – Нидерланд құрамасы
ФОТО: УЕФА

Бухарестте 2025 жылғы 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда Нидерланд пен Испания құрамалары чемпиондық атақты сарапқа салды.

Испания – Нидерланды – 0:1

Гол: Рауль Хименес 62 (автогол)

Шешуші кездесу «Гиулешти – Валентин Станеску» стадионында өтті. Ойынға ирландиялық төреші Роб Хеннеси қазылық етті.

Матч тағдырын 62-минутта испаниялық қақпашы Рауль Хименестің өз қақпасына соққан добы шешті – 1:0, Нидерланд құрамасы жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Финалға дейін нидерландтар жартылай финалда турнир иесі Румынияны 3:1 есебімен ұтса, испаниялықтар Германиямен тартысты матч өткізіп, қосымша уақытта 6:5 есебімен басым түсті.

Айта кету керек, Испания бұл финалға чемпиондық атағын қорғаушы ретінде келген болатын. Алайда олар атақты сақтап қала алмады.

«Ордабасы» Еуропа чемпионатының жүлдегерімен күшейеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie