«Ордабасы» Еуропа чемпионатының жүлдегерімен күшейеді
Шымкенттік клубтың құрамын Михай Кэпэцина толықтырады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: mihaicristian10 Instagram парақшасы
Румынияның топ-клубының 29 жастағы жартылай қорғаушысы Михай Кэпэцина шымкенттік «Ордабасыға» ауысады, деп хабарлайды Telegram «Серый CARDINAL».
2020 жылдан бастап ойыншы Румынияның ең танымал үшінші клубы - «Университатя» Крайова сапында өнер көрсетіп келді. Румыния чемпионатының соңғы маусымын команда үшінші орында аяқтап, Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама жеңіп алды. Кэпэцина чемпионатта 20 матчта жалғыз гол соқты. Transfermarkt порталы бойынша ойыншының трансфер құны 600 мың еуроны құрайды.
Бұған дейін шымкенттік клуб «Риганың» бразилиялық шабуылшысы Режинальдо Рамиресті сатып алғысы келетіні белгілі болған еді.