locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жалға алу аяқталды: Константинос Венизелу «Жеңіс» клубынан кетті

Жас кипрлік қорғаушы елордалық клуб сапындағы ойынын аяқтады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жалға алу аяқталды: Константинос Венизелу «Жеңіс» клубынан кетті
ФОТО: ФК Жеңіс

Астаналық «Жеңіс» футбол клубы Кипрден келген 20 жастағы қорғаушы Константинос Венизелумен қоштасқанын ресми түрде хабарлады.

Футболшы командада жалға алу келісімі аясында өнер көрсетіп, енді ұжымнан кетіп отыр.

«Жеңіс» сапында өткізген кезеңінде Венизелу 13 ресми матчқа қатысып, бір рет сары қағаз алды. Ол әсіресе маусымның екінші турында «Тобылға» қарсы ойында көзге түсіп, сол кездесудің үздік ойыншысы атанған болатын.

Клуб Константиносқа сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

Футболшы Кипрдің әйгілі «Омония» клубының тәрбиеленушісі болып табылады. Сондай-ақ Италияның «Пескара» командасының жастар құрамында ойнаған. Ал Кипрде «Отеллос» пен «Этникос» клубтарының намысын қорғап, елдің жастар құрамасына шақыртылған.

Сондай-ақ «Жеңіс» жас шабуылшы Хамза Якудимен қош айтысты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie