«Жеңіс» жас шабуылшы Хамза Якудимен қош айтысты
21 жастағы футболшы мансабын алматылық AKAS сапында жалғастырады
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ФК «Женис»
Астаналық «Жеңіс» клубы жас қазақстандық шабуылшы Хамза Якудимен қоштасты. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол елорда ұжымынан кетіп, Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін алматылық AKAS командасына ауысты.
Хамза Якуди маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарында «Жеңіске» қосылған еді. Ол негізгі құрамда төрт ресми ойын өткізіп үлгерді. Енді жас шабуылшы жаңа команда сапында өз ойынын көрсетпек.
Елордалық «Жеңісті» Қазақстан құрамасының ойыншысы күшейтеді