locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Зенит» Әліппен «Рубинді» ойсырата ұтып, РПЛ бірінші орынынан айырмасын қысқартты

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Зенит» Әліппен «Рубинді» ойсырата ұтып, РПЛ бірінші орынынан айырмасын қысқартты
ФОТО: ФК Зенит

30 наурызда Ресей чемпионатының 22-ші туры аясында петерборлық «Зенит» пен қазандық «Рубин» командалары арасында ойын өтті.

Қазандықтардың Санкт-Петербургке сапары сәтсіз аяқталды - олар жауапсыз төрт гол жіберіп, кездесуді он адаммен аяқтады. Талқандау екінші таймда басталды, Лучано Гонда 51-минутта есеп ашты. Бірнеше минуттан кейін Алексей Гриценко екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Одан кейін «көк-ақ-көктер» 16 минутта «Рубиннің» қақпасына тағы үш гол соғып, кезекті үш ұпайға қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп 14-минутта жарақат алған Ниноның орнына шығып, ысқырық естілгенше ойнады. Sofascore деректері бойынша ол 7,1 ұпай жинады.

«Зенит» РПЛ-да екінші орында және «Краснодардан» үш ұпайға қалып келеді. Чемпиондық бәсекедегі қарсыластар арасындағы бетпе-бет кездесу чемпионаттың 24-ші турында 13 сәуірде өтеді.

ФОТО: ФК Зенит
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie