locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Иван Свиридов Әліптің Қазақстанның капитаны атағына неліктен лайық екенін түсіндірді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Иван Свиридов Әліптің Қазақстанның капитаны атағына неліктен лайық екенін түсіндірді
ФОТО: KFF

«Елімай» шабуылшысы әрі Қазақстан құрамасының ойыншысы Иван Свиридов Нұрәлі Әліптің көшбасшылық қасиеттеріне тоқталып, оны нағыз капитан ретінде бағалады.

«Меніңше, Әліп көшбасшылық қасиеттері жағынан әлдеқайда мықты. Бұл тұрғыда Саня Марочкин оған сәл ғана жол береді. Капитан - тек жасы ең үлкен адам емес, ол командасын соңынан ерте алатын, әрдайым бірінші болып ұжым үшін жанын салатын ойыншы», - деді Свиридов Sport+ эфирінде.

Нүрәлі Әліп бүгінде Қазақстанның ең үздік қорғаушыларының бірі саналады. 30 наурыз күні ол Ресей Премьер-лигасының ойынында «Зенит» сапында «Рубинге» қарсы алаңға шығып, командасының ірі жеңісіне өз үлесін қосты. Ол 14-минутта жарақат алған Ниноның орнына ойынға араласты және матч соңына дейін сенімді ойнады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie