«Зенит» Қазақстан құрамасының қорғаушысына арналған ерекше видеоны жариялады
Нұралы Әліп Санкт-Петербург клубының тарихына енді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: ФК «Зенит»
Петерборлық «Зенит» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке арналған ерекше видеоны жариялады.
Өткен демалыс күндері қазақстандық футболшы Нева жағалауындағы команда сапындағы мерейлі, 100-ші ойынын өткізді. Әліп өз командасына РПЛ аясында «Оренбургке» қарсы ойында 5:2 есебімен ірі жеңіске жетуге көмектесті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Зенит» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол «Қайраттан» ауысып келген. Бастапқыда РПЛ-ға жалға келген еді, алайда «көк-ақ-көгілдірлердің» басшылығы оны 2 миллион еуроға трансфер жасап алды.
Осы уақыт аралығында ол тек қорғаныстың негізгі ойыншысына айналып қана қоймай, екі голдың авторы да болды.