Қазақстандық қорғаушы «Зениттің» аңызына айналды
27 қыркүйек күні қазақстандық қорғаушы, Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп команда сапындағы мерейлі 100-ші кездесуіне шықты. Бұл тарихи ойын Ресей Премьер-лигасының 10-турында «Оренбургке» қарсы өтті. «Зенит» өз алаңында сенімді жеңіске жетті – 5:2.
Матчтан кейін командаластары Әліпті осы жетістігімен құттықтады. Өзі де эмоциясын жасырмай, қуанышын бөлісті.
«100 матч – үлкен көрсеткіш. Ойыннан соң жігіттер келіп: «Бұл сенің жүзінші ойының екен!» деп айтты. Осындай ұжымда жүргеніме және «Зениттің» намысын қорғап жүргеніме қатты мақтанамын», - деді қорғаушы.
Айта кетейік, Нұралы Әліп 2022 жылдан бері «Зенит» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол негізгі қорғаушылардың біріне айналып қана қоймай, екі мәрте қарсылас қақпасын да дәл көздеген.