locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зайнутдиновсыз? Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірінен айырылуы мүмкін

Жарақат Батеканың ұлттық құрама ойындарына қатысуын күмәнге айналдырды
Футбол
Адиль Саптаев
Адиль Саптаев
Бас редактор
Зайнутдиновсыз? Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірінен айырылуы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Sports24.kz мәліметінше, «Бешікташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Беларусь және Солтүстік Македонияға қарсы өтетін матчтарға арналған Қазақстан құрамасының қорытынды тізіміне енбейді.

Оған себеп – футболшының түрік клубы сапында алған жарақаты. Зайнутдиновтың нақты қашан қатарға қосылатыны әзірге белгісіз. Маусым айындағы ойындарға қатысуы екіталай. Қазір Бақтиер Сербияда дәрігерлердің бақылауында.

Биылғы маусымда 26 жастағы жартылай қорғаушы «Бешікташ» сапында барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Оның стамбұлдық клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды.

Айта кетейік, бұған дейін Зайнутдиновтың жарақаты «Бешікташтың» трансферлік саясатына қатысты сынға себеп болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie