Зайнутдинов жарақат алды: дағдарысқа түскен «Динамо» клубындағы қазақстандық ойыншыға не болып жатыр?
«Динамо» Бақтиер Зайнутдиновтың жарақатын ресми түрде растады
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: ФК Динамо
Мәскеулік «Динамо» жартылай қорғаушы, Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновтың жарақат алғанын ресми мәлімдеді. Клубтың бас бапкерінің міндетін атқарушы Ролан Гусевтің айтуынша, қазақстандық футболшы жарақат салдарынан жақын күндері алаңға шыға алмайды. Қандай жарақат екені әзірге жарияланған жоқ.
Бұл жаңалық командадағы өзгерістер кезеңімен тұспа-тұс келді. Жақында ғана «Динамо» бас бапкерсіз қалды - Валерий Карпин қызметінен кетіп, клубты маусымның маңызды бөлігі алдында қиын жағдайда қалдырды.
Бақтиер Зайнутдинов «Динамоға» 2025 жылдың жазында ауысып келді. Сол уақыттан бері ол команда сапында 10 матч өткізді, алайда әзірге нәтижелі әрекеттермен көзге түсе қойған жоқ.