locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Міне, тосын оқиға. Зайнутдинов бас бапкерсіз қалды

Валерий Карпин Мәскеудің «Динамосынан» кетіп жатыр
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Міне, тосын оқиға. Зайнутдинов бас бапкерсіз қалды
ФОТО: fcdin.com

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Мәскеудің «Динамо» командасының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов бас бапкерсіз қалды.

Валерий Карпин Мәскеудің «Динамо» клубынан кететінін мәлімдеді.

«Құрметті жанкүйерлер, бүгін мен Мәскеудің «Динамо» клубындағы жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым және енді толықтай Ресей ұлттық құрамасына көңіл бөлемін. Бұл – салмақты әрі ойланып қабылданған шешім», — деп Карпиннің сөзін келтіреді астаналық клубтың баспасөз қызметі.

Карпин «Динамо» командасының бас бапкері қызметін 2024 жылдың жазынан бастап атқарды. Маман клубтағы жұмысын Ресей құрамасындағы міндеттерімен қатар алып жүрді.

«РБ Спорт» мәліметінше, «Динамоның» бас бапкері міндетін атқарушы болып бұрынғы динамолық ойыншы, Карпиннің көмекшісі болған Ролан Гусев тағайындалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie