locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зайнутдинов мансабын аяқтайды деген қауесеттерді жоққа шығарып, жанкүйерлерді қуантты

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Зайнутдинов мансабын аяқтайды деген қауесеттерді жоққа шығарып, жанкүйерлерді қуантты
ФОТО: Getty Images

«Бешікташ» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты кәсіби мансабын аяқтайды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

Telegram-дағы «SALE футбол» арнасының хабарлауынша, Стамбул қаласында футболшымен жеке кездесу өткен. Кездесу барысында Зайнутдинов соңғы күндері тарап жатқан ақпараттарға таң қалғанын жеткізген.

Оның айтуынша, жарақаты бастапқыда ойлағандай аса ауыр емес және футболдағы мансабына ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ.

«Соңғы уақытта менің футболдан кететім туралы тарап жатқан жаңалықтарға өзім де таңқалдым. Кейбір жанкүйерлер тіпті менен жеке қоштасып та үлгерген. Бірақ, бұл уайымдауға себеп емес – мен қазірдің өзінде доппен жеке жаттығуларымды бастадым. Екі апта шамасында командалық жаттығуларға қайта қосыламын деп үміттенемін», – деп жазады дереккөз.

Бақтиер Зайнутдинов жарақат алып, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының алғашқы матчтарына қатыса алмаған болатын. Дегенмен, ол жоспар бойынша қалыпқа келіп жатыр, және алдағы уақытта алаңға қайта оралуы әбден мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie