locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты мансабын аяқтауы мүмкін

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты мансабын аяқтауы мүмкін
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бір Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты мансабын аяқтауы мүмкін.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы жарақат салдарынан 2,5 айдан бері алаңға шыққан жоқ.

Түрік журналисі Серкан Дикме Зайнутдиновта сіңір аймағында ісіну байқалғаны жөнінде ақпаратпен бөлісті. Ол жақын арада жарақаттың сипаты мен қалпына келтіру мерзімі тексерілетінін атап өткен. Сол себепті оның футбол мансабына әсер етуі мүмкін мәселелер бар.

Зайнутдинов ыстанбұлдық клубпен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Аталған келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie