locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өз алаңындағы соңғы ойында көз жасын тыя алмады. Иван Ракитич мансабын аяқтауды шешті

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Өз алаңындағы соңғы ойында көз жасын тыя алмады. Иван Ракитич мансабын аяқтауды шешті
ФОТО: Getty Images

«Барселона» мен «Севильяның» бұрынғы ойыншысы, 2018 жылғы әлем чемпионатының финалисті Иван Ракитич мансабын 37 жасында аяқтауды шешті.

Ойыншының мансабындағы соңғы клубы 2024 жылдың жазынан бері ойнап жүрген «Хайдук» болмақ. Соңғы өз алаңындағы «Риекаға» қарсы ойында ол екінші таймда ауыстырылып, қосалқы орындықта көзіне жас алды. Болжам бойынша, оның мансабындағы соңғы матч Хорватия чемпионатының 36-шы турында «Шибеникке» қарсы сырт алаңдағы ойын болады.

Жартылай қорғаушы «Барселонамен» 2014/15 Чемпиондар лигасының жеңімпазы, сонымен қатар төрт рет Испания чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды. Ол 2014 жылдан 2020 жылға дейін «блаугранас» сапында ойнаған. Ұлттық құрама сапында 100-ден астам матч өткізіп, 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Оның ұлттық құрамадағы әріптесі, испан футболының тағы бір аты аңызға айналған ойыншысы Лука Модрич әлі мансабын аяқтауды жоспарлап отырған жоқ - «Реалдың» болашақ бас бапкері Хаби Алонсо ойыншыны келесі маусымда өз командасында көргісі келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie