locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алонсо «Реал» Мадридтен Модричпен келісімшартты ұзартуды сұрады

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Алонсо Реал Мадридтен Модричпен келісімшартты ұзартуды сұрады
ФОТО: Getty images

«Реал Мадридтің» болашақ бас бапкері Хаби Алонсо келесі маусымда осы команданың капитаны Лука Модричті «корольдік» клубта көргісі келеді. Бұл туралы Marca радиосында журналист Мигель Анхель Торибио хабарлады.

Оның айтуынша, Хаби Алонсо клуб басшылығынан қазіргі капитанмен келісімді тағы бір жылға ұзартуды сұраған. Хорваттың қазіргі келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады.

Алонсо Модричті тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттеріне байланысты командадағы маңызды ойыншы деп санайтыны атап өтілген.

Жақында 39 жастағы Лука Модрич мансабын аяқтауға ниеті жоқ және жалақысы қысқартылса да, Реал Мадридте қалуға дайын екені хабарланды.

2024/25 маусымында Модрич «Реал Мадрид» сапында Ла Лигада 55 матч өткізіп, 4 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Карло Анчелотти оны көбінесе екінші таймда алаңға жіберді.

Модрич 2012 жылдан бері «Реал Мадрид» сапында ойнайды.Осы уақыт ішінде ол мадридтік клубпен Чемпиондар лигасын, Ла Лига мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын қоса алғанда, мүмкін болатын барлық жүлделерді, сондай-ақ 2018 жылғы «Алтын допты» жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie