locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ювентус» командасының жаңа бас директоры командадағы негізгі футболшының болашағы туралы айтты

Маусым соңында клуб пен Влахович келіссөздер үстеліне отырады
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Ювентус» командасының жаңа бас директоры командадағы негізгі футболшының болашағы туралы айтты
ФОТО: x.com/FabrizioRomano

«Ювентус» футбол клубының жаңа бас директоры Дамьен Комолли Душан Влаховичтің 2026 жылдың маусымына дейінгі келісімшартын талқылады.

«Біз Душан Влаховичпен осы маусымды жалғастырып, оны маусым соңында қайта талқылауға келісімге келдік. Бұл тұрғыда біз бен футболшы арасында өткен жаздан бері нақты келісім бар», – деді Комолли.

25 жастағы Влахович «Фиорентинадан» 83 млн еуроға ауысқаннан бері 2022 жылдан бастап бьянконерри сапында өнер көрсетіп келеді.

Ағымдағы маусымда сербиялық шабуылшы 15 матчта алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Влаховичтің «Ювентустағы» болашағы әлі де белгісіз екені хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie