Влаховичтің «Ювентустағы» болашағы әлі белгісіз
«Ювентус» командасының бас бапкері Лучано Спаллетти клубтан кетуі мүмкін деген қауесеттерге жиі ілігіп жүрген шабуылшы Душан Влаховичтің айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Футболшыларды алаңдағы көрсеткіштері арқылы бағалайды. Соңында шешімді бапкер де, баспасөз де, қауесеттер де емес, тек олардың өз еңбегі шығарады. Болашағы тек ойынының сапасына байланысты. Ешкім бір сәтте тағдырды өзгерте алмайды — бәрі ойыншылардың өз қолында», — деп мәлімдеді Спаллетти клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Ол Влаховичпен жеке сөйлесіп, ойыншының алдағы мансабына қатысты көзқарасын анықтауға ниетті екенін айтты:
«Біз бірге отырып, сабырмен сөйлесеміз, оның өзі не қалайтынын түсіну үшін. Маған оның мотивациясы, жұмысқа және командаға деген көзқарасы маңызды. Сол кезде ғана қай бағытта қадам жасау керектігі белгілі болады».
Сонымен қатар, бапкер серб шабуылшысының соңғы матчтағы ойынын жоғары бағалап, Влаховичтің ойынына ешқандай сұрақ жоқ екенін атап өтті.