locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаев Словениядағы стадионды үнсіз қалдырды — жергілікті басылым әсерімен бөлісті

«Олимпия» мен «Қайрат» арасындағы матчта гол салған Сатпаев Ekipa назарын аудартты
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Сатпаев Словениядағы стадионды үнсіз қалдырды — жергілікті басылым әсерімен бөлісті
ФОТО: ФК «Кайрат»

Словенияның Ekipa басылымы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Олимпия» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы ойынды қорытындылай келе, алматылық команданың 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаевты ерекше атап өтті.

«Екінші тайм басталғанда қауіпті сәттер көп бола қоймады. «Олимпия» допты көбірек бақылағанымен, Алматыдан келген қонақтар қорғанысты сауатты жауып отырды. «Айдаһарларға» шабуылда шығармашылық пен жекелеген жарқын ой жетіспеді. Сол үшін де олар жазаланды.

59-минутта алаң иелерінің қорғанысында тағы бір саңылау пайда болды. Жоржиньо терең паспен шабуылды бастады. Сәттілік серік болып, доп 16 жастағы дарын Дастан Сатпаевқа жетіп, ол сабырмен торға тоғытты. 16 жастағы жігіт «Стожице» стадионын үнсіз қалдырды. Алайда «Олимпия» бұл жағдайға тез жауап қайтарды. «Қайраттың» айып алаңындағы шағын абыр-сабыр сәтінде Диогу Пинту гол салып, есепті теңестірді», – деп жазады сайт.

Қарымта матч 15 шілде күні Алматыда өтеді.

Пинту: Барлық мүмкіндіктерімізді пайдаланғанда, жеңіске жетер едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie