Яремчук голымен. «Қайратпен» матч қарсаңында «Олимпиакос» кубокта қарсыласын тас-талқан етті
«Олимпиакос» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға дайындықты жалғастыруда, осы мақсатта пирейлік клуб төменгі лига өкілі «Элиас Сируға» қарсы кубок матчін өткізді.
Кубоктың төртінші турында (оның алғашқы кезеңі қазіргі еурокубоктардағыдай лига форматында өтеді) «Олимпиакос» қарсыласын күйрете жеңіп, 5:2 есебімен басым түсті. Украина құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук осы кездесуде бір голдың авторы атанды.
Пирейлік клуб плей-офф кезеңіне жолдаманы өзіне кепілдеп, үш матчта тоғыз ұпай жинады. Дегенмен, «Олимпиакос» плей-оффты қай кезеңнен бастайтыны «Қайратпен» матчтан кейін, яғни 17 желтоқсанда белгілі болады.
Футбол. Грекия кубогы, 4-тур
«Элиас Сиру» – «Олимпиакос» – 2:5
Голдар: Вернардос, 51, 78 – Язиджи, 25, 61, Тареми, 48, Яремчук, 84, Эль-Кааби, 90+1
Астанада «Олимпиакосқа» команданың капитаны Панайотис Рецос көмектесе алмайды. Ол жуырда өткен чемпионат матчында бұлшықет жарақатын алған еді.