locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Вильярреал» Майамидегі «Барселонамен» матчтың болдырылмауына байланысты мәлімдеме жасап, Ла Лиганы қатаң сынға алды

Испан клубы Ла Лига шешімдеріне наразы
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Испаниялық «Вильярреал» ресми мәлімдеме жариялап, 17-турдағы «Барселонаға» қарсы Майамиде өтуі тиіс матчтың тоқтатылуына байланысты Ла Лига әрекеттеріне наразылығын білдірді.

Кеше испандық лига «Барселонаға» қарсы матчтың АҚШ-та өтпейтінін ресми түрде мәлімдеп, кездесудің орнына «Эстадио де ла Керамика» стадионы таңдалғанын хабарлады.

Мәлімдемесінде «Вильярреал» Испаниядан тыс жерде матч өткізу бастамасы – Ла Лиганың испан футболын әлемдік деңгейде ілгерілетуге бағытталған жобасы екенін атап өтті. Клуб бұл ұсынысты қабылдап, осы арқылы турнирдің беделін арттыру мен өсу мүмкіндігі деп санаған.

«Сары сүңгуірлердің» айтуынша, Ла Лига жобаға тиісті ұйымдастырушылық қолдау көрсетпеді: матчтың басталу уақыты мен жанкүйерлердің жол жүруін ұйымдастыру сынды маңызды мәселелер шешілмей қалды. Чемпиондар лигасындағы «Манчестер Ситиге» қарсы ойынға санаулы минуттар қалғанда, клубқа АҚШ-тағы матчтың тоқтатылғаны телефон арқылы хабарланды. Бірнеше сәттен соң Ла Лига «Вильярреалмен» еш ақылдаспай, ресми мәлімдеме жариялады. Бұл әрекетті клуб «құрмет пен жанашырлықтың толық болмауы» деп атады.

«Вильярреал» Ла Лиганың бұл жобаны дұрыс жүзеге асыра алмағанына өкініш білдірді, өйткені бұл халықаралық деңгейде испан футболын дамытудағы маңызды қадам болар еді. Дегенмен клуб өз философиясына адал болып, әрі қарай да команда мен лига дамуына жұмыс істей беретінін айтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie