ВИДЕО. Самородов Зайнутдиновтың бұрынғы командасына қалай гол соқты?
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ФК Ахмат
12 сәуірде Ресей Премьер-лигасының 24-турында грозныйлық «Ахмат» пен «Ростов» командалары арасында ойын өтуде.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Екінші таймда алаң иелері есеп ашты – Надер Гундри стандарттан соң гол салды. Араға 16 минут салып Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов «Ростов» қақпасына гол соқты. Ол қарсыластың қақпа аймағының ішінде мінсіз жағдайға ие болды және допты бір түрту арқылы қақпаға жіберді.
Бұл шабуылшының Ресей чемпионатындағы осы маусымындағы төртінші голы. Бұған дейін оның мәскеулік «Локомотив» қақпасына соққан голы РПЛ-да айдың үздік голы атағына үміткерлер тізімінде болған.