locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Самородовтың «Ахматы» РПЛ-дегі жеңіліссіз ойындар бойынша клуб рекордын қайталады

ФОТО: ФК Ахмат

РПЛ-дің 24-турында «Ахмат» өз алаңында «Ростовты» 2:1 есебімен жеңіп, жеңіліссіз сериясын сегіз ойынға дейін жеткізді.

Бұл – клуб 2016 жылы орнатқан рекордтың қайталануы. Соңғы рет грозныйлықтар 24 қараша күні «Крылья Советовтан» 1:2 есебімен ұтылған еді.

Ойын тағдырын шешкен голды қазақстандық шабуылшы Максим Самородов соқты. Оның дәл соққысы бас бапкер Сергей Ташуев командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Қазір «Ахмат» 23 ұпаймен турнир кестесінде 13-орында тұр. Команда «Крылья Советов» пен «Химкиден» қосымша көрсеткіштер бойынша қалып келеді.

Келесі кездесуін грозныйлықтар 19 сәуірде қонақта «Краснодарға» қарсы өткізеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie