ВИДЕО. Луис Энрике Ливерпульмен өткен матчты қорытындылады
11-наурыздан 12 наурызға қараған түні, Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчы өтті. “Ливерпуль” өз алаңында, “Энфилд” стадионында ПСЖ клубын қабылдады. Париждегі алғашқы ойын ағылшындардың минималды жеңісімен (1:0) аяқталып, қарымта кездесуге интрига қалдырды.
Париждіктер өз мақсаттарын ерте айқындады: кездесудің 12-минутында Усман Дембеле есеп ашып, екі матчтың жалпы есебін теңестірді. Негізгі уақыт ішінде жеңімпаз анықталмады, сондықтан ширек финал жолдамасының тағдыры қосымша уақытта шешілді.
Ойыннан кейін ПСЖ бас бапкері Луис Энрике командасының мінезі мен қақпашы Джанлуиджи Доннарумманың тамаша ойыны жеңістің басты фактор болғанын атап өтті.
Сіздердің назарларыңызға, ПСЖ бас бапкері Луис Энрикенің матчтан кейінгі пікірлерін ұсынамыз.