ФОТО. Хабиб Ливерпуль мен ПСЖ арасындағы матчқа барды
Кеше түнде Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жауапты матчтары өтті. Аталған кезең аясында "Ливерпуль" өз алаңында "ПСЖ" клубын қабылдады.
Қос матч қорытындысы бойынша 1:1 есебі тіркелген матч, пенальти сериясына дейін жалғасты. Пенальти сериясында париждік клуб жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған болатын.
Осы аталған матчқа UFC аңызы, жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, дағыстандық Хабиб Нурмагомедов қонақ болған.
Париждік клубқа жанкүйер болған Хабиб стадионда "ПСЖ" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Идрис Гейемен бірге отырған.
Сондай-ақ, ойыннан кейін "ПСЖ" клубының президенті Нассер Аль-Хелаифимен кездесті.
"ПСЖ" бүгін керемет жұмыс жасады",-деп жазған жауынгер.
Айта кетейік, париждік клуб келесі кезеңде "Астон Вилла" мен "Брюгге" жұбының жеңімпазымен кездеседі.