Видео. «Ливерпуль» бапкері Кубоктан ұшып қалудың себебін айтты
«Ливерпуль» бас бапкері Кубоктан ұшып қалудың себебін түсіндірді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Ағылшын лигасының кубогындағы күтпеген сәтсіздіктен кейін «Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот команда ойыны мен жеңілістің себептері туралы пікір білдірді. Ал 1/8 финалда «қызылдар» өз алаңында «Кристал Пэласқа» 0:3 есебімен жол берді.
«Футбол матчында жеңілу - әрқашан ауыр. Әсіресе, бұл кубоктан ұшып қалу болса. Мен дәл өткен жылғыдай құрамды таңдадым. Бұл жолғы сәтсіздікке себеп көп болуы мүмкін, бірақ олардың ешқайсысы мұндай нәтижені ақтап тұрмайды. Біз бұл жағдайдан сабақ алып, алға жылжуымыз керек», - деді бапкер өз сұқбатында.
Сіздердің назарларыңызға «Ливерпуль» бас бапкерінің толық сұқбатын ұсынамыз.