Финалдың қайталануы. «Ливерпуль» – «Кристал Пэлас» лига кубогы матчына құрамдар белгілі болды
Бапкерлер негізгі ойыншыларға демалыс беруде
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Ливерпуль» соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіліске ұшырап, өзіне ауыр серия жасады. Енді «қызылдар» жолында – Англия лига кубогы аясындағы қауіпті «Кристал Пэлас», және бұл матчқа бапкерлер қандай құрам шығарғаны белгілі болды.
Арне Слот та, Оливер Гласнер де бұл ойынды негізгі ойыншыларға демалыс беру әрі қосалқы құрамды тексеру мүмкіндігі ретінде пайдалануды жөн көрді (тіпті «Ливерпульде» жарақаттар көп болса да).
- «Ливерпуль»: Вудмен, Робертсон, Гомес, Ниони, Рэмзи, Керкез, Эндо, Нгумоха, Макаллистер, Моррисон, Кьеза.
- «Кристал Пэлас»: Бенитес, Гуэхи, Лакура, Канво, Соса, Камада, Хьюз, Муньос, Пино, Сарр, Нкетия.
Биылғы маусымда бұл командалар екі рет жолықты. Англия суперкубогындағы кездесуде «бүркіттер» пенальти сериясында жеңіске жетсе, АПЛ аясында «Селхарст Паркта» 2:1 есебімен ұтты. Лига кубогы аясындағы ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады. Бұл матчқа болжаммен таныса аласыз.