locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Имназде «Торпедоға» жауап қатты. «Ордабасы» жылдам камбэкпен алға шықты

Ордабасы» бес минутта есепті өзгертіп, көш бастады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Фото: Ордабасы ФК

Кутаисиде өтіп жатқан Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесу көрерменге керемет эмоция сыйлауда. Жергілікті «Торпедо» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы ойын тартысты әрі шабытты өтуде.

Алғашқы қауіп қонақтар үшін тіркелді: 30-минутта грузиялық команда шымкенттіктердің қорғаныстағы олқылығын пайдаланып, есеп ашты. Алайда бұл сәтте «Ордабасы» жігер танытып, жылдам жауап қайырды.

32-минутта Михай таразы басын теңестірсе, арада үш-ақ минут өткенде Имназде мергендігімен көзге түсіп, есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша, шымкенттіктер бар-жоғы бес минут ішінде матчтың бағытын өзгертті.

Андрей Мартин шәкірттері мінез бен ерік-жігер танытып, шабуылдағы белсенділігінің арқасында ойын тізгінін өз қолына алды. Матч әлі жалғасуда - жанкүйерлерді алда тағы да қызықты сәттер күтіп тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie