locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Кэпэцынэның найзағайдай жауабы: «Ордабасы» Кутаисиде есепті теңестірді

Кэпэцынэ «Ордабасының» алғашқы голын соқты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Видео. Капатинаның найзағайдай жауабы: «Ордабасы» Кутаисиде есепті теңестірді
ФОТО: Ордабасы ФК

Кутаиси қаласында Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матч жалғасуда. Жергілікті «Торпедо» мен Қазақстанның атынан қатысып жатқан «Ордабасы» арасындағы кездесуде шиеленіс сәт сайын үдей түсуде.

30-минутта алаң иелері шымкенттіктердің қорғаныстағы қателігін шебер пайдаланып, есеп ашты. Алайда бұл артықшылық ұзаққа созылмады.

Арада екі минут өткенде, яғни 32-минутта, «Ордабасы» ойыншысы Михай Кэпэцынэ айып алаңында сәтті әрекет жасап, қақпаны дәл көздеді. Қарсылас қорғаушыларының елеңсіздігін байқаған жартылай қорғаушы суыққанды шеберлікпен гол соғып, есепті 1:1-ге жеткізді.

Матч жоғары қарқында өтіп жатыр: «Торпедо» допты көбірек бақылағанымен, шымкенттік клуб сауатты қорғанып, қауіпті қарсы шабуылдармен жауап беруде. Екі команда да жеңіс үшін барын салып, жанкүйерге көрермендік ләззат сыйлауда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie